Германияда карантинге бағынбағандар бюджетті байытып жатыр

Германияда карантин талаптарын бұзғандар ел қазынасын байытып жатыр. Бүгінде тәртіпке бағындағандарға салынатын айыппұл мөлшері  50 евродан бастап 10 мың еуроға дейін жетеді.

Көшеде маскасыз жүргендер 50 еуро, ал автобус пен метрода бетпердесіз отырса 250 еуро айыппұл төлемек. Ал шектеу шараларын елемеген кәсіпкерлер үшін жаза қатаңдау. Мысалы, тыйымға қарамастан ойын-сауық саябағы жұмысын жалғастыра берсе, 10 мың еуро айыппұл төлеуі тиіс. Ал ауруын біле тұра індетті өзгелерге қасақана жұқтырғандар тіптен бірнеше жыл бас бостандығынан айырылуы ықтимал. Бұған қоса жуырда енгізілген жаңа шектеуге байланысты Германия аумағына  Бразилия, Оңтүстік Африка Республикасы, Португалия, Ұлыбритания мен Ирландия тұрғындары уақытша кіре алмайды.

Риза Амхаир, полиция өкілі: 

- Вирустың жаңа түрі анықталған елдерден келушілердің Германия аумағына кіріп кетпеуін полиция бақылуға алады. Қазір 5 мемлекеттің халқына шектеу қойылды. Ол жақтан тек Германия азаматтары мен уақытша тұрағы барлар ғана келе алады. Міндетті түрде соңғы 48 сағат ішінде жасалынған ПТР-тест талап етіледі.