Бразилиядағы ауруханаларда орын тапшы

Бразилияның Манаус қаласында коронавирус індеті дендеп барады. Аймақтағы ауруханалар науқастарға лық толы.

Жергілікті билік медицина мекемелеріндегі бос орындардың санын арттыра бастады. Шаһарда ауыр халдегі дімкәс жандарға арналған оттек балондары да тапшы. Салдарынан өңірдегі өлім-жітім көрсеткіші артып кетті.

Айта кетейік, қазір Манаус қаласында коронавирустың мутацияға ұшыраған жаңа штамы белең алуды.

Мамандардың айтуынша, вирустың жаңа түрі Британия мен Оңтүстік Африкада анықталған штамдарға ұқсас.

Вилсон Лима, Амазонас штатының губернаторы:

- Науқастардың саны артып барады. Осыған орай бір ғана аурухананың өзінде қосымша 60 орын ашылды. Оның 22-сі жансақтау бөлімінде. Сондықтан аптаның соңына дейін басқа ауруханада да бос орындар  пайда болады.

Сондай-ақ...