АҚШ-тағы әйгілі стадион вакциналау орталығына айналды

Нью-Йорктегі әйгілі Yankee Stadium /Янки Стэдиум/ бейсбол аренасында жаппай вакциналау орталығы ашылды. Жоспар бойынша бұл жерде бір аптаның ішінде 15 мың адамға вакцина егілетін болады.

Жергілікті биліктің хабарлауынша, әзірше екпе қабылдауға жақын маңдағы аудан тұрғындары ғана алдын ала жазыла алады. Кейін шаһардың барлық тұрғындарына вакцина салынатын болады.  

БЛИЦ:

- Кейде кезекті көп күтуге тура келеді. Бұған дейін алдын ала жазылғанмен дәрігерлер менімен хабарласқан жоқ. Жаңа екпе егу орталығы ашылған соң осы жерге келіп отырмын.

- Қарапайым процедурадан өту керек. Төлқұжатымды тапсырған соң вакцина қабылдадым. Кейін 15 минут дәрігерлер бақылауында болдым.