Үндістанда фермерлердің наразылық акциясы басылар емес

Нью-Дели мен тағы бірнеше штатта ашуға булыққандар қайта көшеге шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жиналған жұрт қала көшелеріндегі жолдарды жүк көліктермен жауып тастаған. Ереуіл тәртіп сақшыларымен қақтығысқа ұласты. Полиция наразыларды тарқату үшін су атқыш қолданған. Фермерлердің былай ашуға мінуіне биліктің реформалары түрткі болды.

Айта кетейік, шаруалардың ереуілі өткен жылы қараша айында басталған еді. Үндістанда еңбекке жарамды тұрғындардың 40%-і ауыл шаруашылығы саласында еңбек етеді. Сондықтан реформаға қарсылық танытып жатқандардың қарасы қалың.

Сондай-ақ...