Нидерландта коронавирус жұқтырғандар саны 1 млн-нан асты

Нидерландта COVID-19 инфекциясы жұқтырғандар саны 1 миллионнан асып кетті.

Бұл туралы Нидерландтың Ұлттық денсаулық сақтау және қоршаған орта институтына сілетеме жасап, ТАСС хабарлайды.

Агенттіктің хабарлауынша, соңғы 24 сағатта елде 4130 адам коронавирус жұқтырып, елдегі інден жұқтырғандар саны 1 млн адамнан асып кетті.