COVID-19: Париждегі түнгі клубтар тест орталықтарына айналды

COVID-19: Париждегі түнгі клубтар тест орталықтарына айналды

Бір жылға жуық уақыт бойы жабық тұрған мекемелерге енді халық ПТР тест тапсыру үшін жиналып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Түнгі клуб иелері ғимараттың бос тұрғанына қарағанда оны пандемиямен күрес жұмыстарына пайдаланған игі дейді. 

Дамьен Лефевр, диджей:

– Кезінде бұл халық көп жиналатын түнгі клубтардың бірі еді. Енді клуб иелері аймақтағы эпидахуалды жақсарту үшін барынша атсалысуда. Бәріміз де халықтың бұрынғы тыныс тіршілігіне оралғанын қалаймыз.

Ал Британиядағы түнгі клуб ғимараттарында екпе егу орталықтары ашылуда. Қазір Корольдікте жаппай вакцинация науқаны Еуропаның өзге елдеріне қарағанда қызу жүріп жатыр. Аймақтағы кинотеатрлар, ірі сауда орындары мен түнгі клубтарда екпе егу орталықтары көптеп ашыла бастады.