416,57 504.70 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

COVID-19: Боливияның жағдайы мүшкіл

  • 100
COVID-19: Боливияның жағдайы мүшкіл

Қауіпті вирустан қайтыс болғандар саны күрт артқаны соншалық, ел астанасы Ла-Паседегі жерлеу бюросында қалың кезек, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол да түк емес. Мәйіттерді жерлейтін мола тапшы болып тұр. Қабірстанда орын жоқ. Жергілікті билік осы мәселені шұғыл шешуге әрекет етуде. Коронавирустың етек алуы мемлекеттегі онсыз да сын көтермейтін денсаулық сақтау саласын тығырыққа тіреп тұр. Оңтүстік Америкадағы кедей елдің тұрмысы бұрын да мәз емес еді. Енді шын мәнінде титықтап қалды. Ауруханалар құлдырау алдында. Ресей жағы «Спутника V» екпесінің алғашқы партиясын ұсыныпты. Қазіргі кезде Боливияда қауіпті вирус жұқтырғандар саны 226 мыңға  жетті.10 мың 687 науқас қайтыс болды. Ресми деректерге сенсек, өткен тәулікте тағы 54 адам қауіпті вирусты жеңе алмапты.

Хабар 24 телеарнасы