Германияның 13 федералды аумағында коронавирустың қауіпті штамы анықталды

Жергілікті билік шұғыл шешім қабылдап, бірден 12 елмен байланысты шектейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мысалы, Бразилия, Португалия, Британия және Ирландия азаматтары енді әуе жолымен Германияға келе алмайды. Жол жабық. Сондай ақ Оңтүстік Американың сегіз елімен де уақытша қатынас шектеледі. Үкімет Чехиямен арадағы шекараны да жіті бақылау керектігін алға тартты. Ішінара азаматтардан сынама алып, қауіпті вирустан қорғану амалын қолдануда. Мамандар неміс жерінен үш бірдей өзгеріске ұшыраған коронавирус түрін тауыпты. Жергілікті билік азаматтардан қауіпсіздік ережелеріне мейілінше қатаң қарауды талап етеді.