414,77 504.70 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Грекияның бірнеше ауданында коменданттық сағат жарияланды

  • 111
  • UPD: 13:27, 07.02.2021
Грекияның бірнеше ауданында коменданттық сағат жарияланды

Грекияның Аттика облысы мен тағы бірнеше ауданда ақпанның 15-іне дейін коменданттық сағат жарияланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биліктің бұл шешіміне аймақтағы күрделі эпидемиологиялық ахуал себеп болып отыр. Жаңа шектеулер демалыс күндеріне ғана қатысты. Бүгінде 11 млн халқы бар елде әзірше 80 жастан асқан қарт тұрғындар мен медицина қызметкерлері ғана екпе қабылдап жатыр.

Айта кетейік, Грекияда соңғы бір тәуліктің ішінде 1 мың 113 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. 29 науқас ауруын жеңе алмай көз жұмды. Жалпы пандемия басталғалы бұл елде 163 мыңнан астам адам індеттің ілмегіне іліккен. Олардың 6 мыңға жуығы қаза тапты.

Хабар 24 телеарнасы