Швейцария тұрғындары шектеу шараларына наразылық танытты

Швейцарияның Цуг қаласында тұрғындар биліктің карантиндік шектеу шараларына наразылық танытып, ереуілге шықты.

Ақ түстік қорғаныш киім киіп шыққан 500-ге жуық адам шаһар көшелерімен жүріп өтті. Наразылардың арасында пандемия салдарынан ісі тұралап қалған кәсіпкерлер көп. Елдің денсаулық сақтау министрі жуырда Швейцариядағы шектеу шараларын ақпанның соңына дейін ұзартатынын мәлімдеген болатын. Биліктің бұл шешіміне пандемиядан ең көп зардап шеккен қоғамдық тамақтану орындарының иелері наразы.

Айта кетейік, елде жарияланған карантинге қарамастан вирусқа шалдығып жатқандардың қатары азаймай тұр. Бір тәулікте шамамен 1500 адамға ковид-19 диагнозы қойылады.