419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ-та қар көшкінінен төрт адам қаза тапты

  • 102
  • UPD: 17:28, 07.02.2021
АҚШ-та қар көшкінінен төрт адам қаза тапты

АҚШ-тың Юта штатындағы Солт-Лейк-Сити қаласына жақын маңдағы Миллкрик шатқалындағы демалыс орынында қар көшкіні жүріп, 4 адам мерт болды.

Табиғат апатынан аман қалған тағы 4 адам жеңіл жараланған. Қазір олар дәрігер бақылауында.

Ал марқұмдардың денесін қар астынан шығару үшін құтқарушылар жұмылдырылды. Апат болған жер шаңғышылар арасында танымал. Мамандар қар көшкініне адамдардың топтасып сырғанауы себеп болды дейді. Юта штатының көшкінді бақылайтын арнайы орталығы тұрғындарға қауіп бар екенін алдын ала ескерткен.

Хабар 24 телеарнасы