414,77 504.70 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ауғанстанға AstraZeneca вакцинасының алғашқы 500 мың дозасы жетті

  • 82
  • UPD: 09:33, 08.02.2021
Ауғанстанға AstraZeneca вакцинасының алғашқы 500 мың дозасы жетті

Екпе Үндістанда өндірілген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алайда жергілікті билік келген препаратты әзірше қолданысқа енгізе алмайды. Ол үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы дәріні төтенше жағдайда қолдану үшін рұқсат беру керек. Мамандардың айтуынша, тиісті құжат жақын арада мақұлданғаннан кейін елде жаппай екпе егу науқаны басталады. Жоспар бойынша дәрігерлер, мұғалімдер, әскерилер және мемлекеттік қызметкерлер екпені алғашқылардың бірі болып қабылдайды. Шараны кез келген уақытта бастап кету үшін мыңдаған ерікті арнайы дайындықтан өтті.

Вахид Маджро, денсаулық сақтау министрлігінің өкілі:

- Вакцинация бойынша ұлттық жоспарға сәйкес халықтың 60%-іне екпе егуді көздеп отырмыз. Шара біртіндеп жүзеге асырылатын болады. Діттеген мақсатымызға қол жеткізу үшін бірнеше серіктестік компаниялармен бірлесе жұмыс атқарамыз.

Хабар 24 телеарнасы