Филиппинде 5,7 магнитудалы жер сілкінісі болды

Минданао аралының жағалауында 5,7 магнитудалы жер сілкінісі болды.

Жер сілкінісінің эпицентрі Шығыс Давао провинциясындағы Минданао аралынан солтүстік-шығысқа қарай 211 км жерде болған.

Ошағы 44 км тереңдікте орналасқан.

Цунами қаупі жоқ, зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Сондай-ақ...