419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Израильде шектеу шаралары жеңілдей бастады

  • 98
  • UPD: 09:43, 08.02.2021
Израильде шектеу шаралары жеңілдей бастады

Израильде карантиннің шектеу шаралары жеңілдей бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аймақта коронавирустың таралуын тежеу үшін үшінші жалпыұлттық локдаунның жарияланғанына 6 апта уақыт өтті. Енді ел тұрғындары үйлерінен 1 шақырым жерге дейін ұзай алатын болады. Сонымен қатар аймақтағы кей дүкендер мен шаштараздар жұмысын жандандыра бастады. Алайда мектептер әзірге жабық тұр. Халықаралық әуе рейстері де әзірше бұрынғы жұмыс қалпына орала алмайды. Айта кетейік, елде жалпыұлттық екпе егу шарасы басталғалы 3 млн 400 мың адам Pfizer компаниясының вакцинасын қабылдады. Олардың 2 млн-ға жуығына екпенің екінші дозасы егілді. Жалпы пандемия басталғалы Израильде 686 мың тұрғын вирус жұқтырған. Олардың 5 мыңнан астамы көз жұмды.

Хабар 24 телеарнасы