419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Үндістанда апаттан қаза тапқандар саны 14-ке жетті

  • 116
  • UPD: 11:36, 08.02.2021
Үндістанда апаттан қаза тапқандар саны 14-ке жетті

Үндістанның Уттаракханд штатында мұздықтың жылжуы салдарынан қаза тапқандар саны 14 адамға жетті.

«Туннельде қалып қойғандарды құтқару операциясы жалғасуда. Туннельге құрылыс техникасының көмегімен кіру арқылы жолды ашуға әрекет жасалып жатыр. Осы уақытқа дейін 15 адам құтқарылып, әртүрлі жерден 14 адамның мәйіті шығарылды», - деді полиция.

Уттаракханд штатында ірі көлемді мұздықтар таудағы өзен бойымен төмен қарай жылжығанда өзен арнасынан тасып кеткен. Су тасқынынан аймақтағы электр станциясындағы бөгет қираған.

Үндістанда Гималай тауынан жылжыған мұздықтан жоғалғандар саны артты

Хабар 24 телеарнасы