417,02 504.70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Перуге қытайлық «Синофарм» вакцинасының алғашқы 300 мың дозасы жеткізілді

  • 79
  • UPD: 15:47, 08.02.2021

Қазір оңтүстікамерикалық мемлекетте COVID-19 індетінің екінші толқыны таралып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірінші кезекте екпені медицина қызметкерлері қабылдайды. Ел президентінің мәлімдеуінше, қытайлық вакцинаның 700 мың дозадан тұратын екінші легі 14 ақпанда әкелінбек.

Айта кетейік, Перуде індет басталғалы 1 миллион 200 мың адам коронавирус жұқтырып, 42 мыңнан астамы көз жұмған.

Франсиско Сагасти, Перу президенті:

- Бұл мойнымызға алған ұзақ та ауыр міндеттіменің бастамасы ғана. Біз үшін індетке қарсы күрес қана емес, вакцина алу ісі де қиынға соғуда. Бірақ бұл қазір бүкіл әлем бетпе-бет келіп отырған үрдіс.

Сондай-ақ Қытай вакцинасының алғашқы 600 мың дозасын Камбоджа да алдырды. Бұл елде екпені бірінші болып медицина қызметкерлерімен қоса әскерилер де салдырмақ. 16 миллион тұрғыны бар Камбоджада коронавирусты тек 474 қана адам жұқтырған. Ал өлім-жітім мүлде тіркелмеген. Жақында Австралия кедей мемлекетке жататын Камбоджаға 28 миллион доллар көмек бөлетінін мәлімдеді. Осы елдің 68 жастағы премьер-министрі вакцинаны бірінші салдырамын деп уәде берген.

Хун Сен, Камбоджа премьер-министрі:

- Досымыз Қытай елінен «Синофарм» вакцинасы жеткізілді. Бұл екпенің 18 бен 59 жас аралығындағы адамдар үшін тиімді әрі қауіпсіз екендігі дәлелденген. Оны біз ғана емес, әлемнің көптеген елдері де құптап отыр.

Хабар 24 телеарнасы