Жапонияда сүңгуір қайық кемемен соқтығысты

Коти префектурасының жағалауында Жапонияның өзін-өзі қорғау күштерінің сүңгуір қайығы коммерциялық кемемен соқтығысты.

Салдарынан кем дегенде үш адам жарақат алды, деп хабарлады Киодо. Екі кеменің де корпусына зақым келмеген. Қайықтағы қызметкерлердің үшеуі жеңіл жарақат алды.