Израиль халқының жартысынан көбіне вакцина салынды

Израиль әлемде бірінші болып ел тұрғындарының жартысынан көбіне коронавирусқа қарсы вакцина салды, деп жазды ТАСС.

Қазірдің өзінде 8,9 миллион адамның 5,54 миллионына (62,42%) вакцина егілген.

Әлемде коронавирусқа қарсы вакциналау бойынша БАӘ екінші орында (44,79%), үшінші орында Сейшель аралдары (40,49%) тұр.

Сонымен қатар егілген вакциналар саны бойынша 42 млн адаммен АҚШ көш бастап тұр. Одан кейін Қытай (31,2 млн адам вакциналанған) және Ұлыбритания (12 млн).

Әлемде коронавирусқа қарсы вакцина шамамен 131,9 миллион адамға немесе әлем халқының 1,7%-іне салынған.

Сондай-ақ...