Австрия ресейлік вакцинаны өндіруге дайын

Австрия ресейлік және қытайлық вакциналарды өзінде өндіруге дайын, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы осы елдің канцлері Себастьян Курц мәлімдеді. Бірақ бұл үшін Еуропалық одақтың Дәрі-дәрмек  агенттігінің рұқсаты керек. Сондай-ақ Курц аталған екпелерді өзіне салдыруға да әзір екенін жеткізген. Естеріңізге сала кетейік, Ресейдің Тікелей инвестициялар қоры «Спутник V» препаратын тіркету үшін 19 қаңтарда Еуроодақтың құзырлы органына өтініш берген болатын.