БАӘ ғарыш аппараты Марсқа жетіп қалды

Біріккен Араб Әмірліктерінің Марсқа аттандырған «Әл-Амаль» немесе «Үміт» деп аталатын ғарыш аппараты қызыл ғаламшарға жақындап қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Зонд оған ертең қонуы тиіс. Мамандар бұл операция миссияның ең қиын сәті екенін айтады. Өйткені зерттеу аппараты ғаламшар өрісіне кіргенде уақытша байланыс үзіліп, ол аспан денесіне өзі қонуы керек болады. Егер операция сәтті өтсе, зонд ары қарай ғаламшардың атмосферасын зерттеуге кіріседі. Ал алғашқы мәліметтерді қыркүйек айына қарай жібереді деп жоспарланған. Жалпы қызыл ғаламшарды зерттеу 2 жылға созылмақ.

Омран Шараф, Emirates Mars Mission жобасының директоры

- Біз бұл аппаратымызды ғарышта алғаш рет қолданғалы отырмыз. Мақсатымыз Марстың қазіргідей тіршілігі жоқ ғаламшарға айналуына не себеп болған деген сұраққа жауап іздеу. Бұл бізді ғана емес, бүкіл адамзатты толғандырып отырған мәселе. Зерттеу нәтижесінде тың мәліметтерге қол жеткіземіз деп сенеміз.

Айта кетейік, Біріккен Араб Әмірліктері бұған дейін ғарышқа екі жерсерігін ұшырған. Олардың алғашқысы Оңтүстік Кореяда, екіншісі Ресейде жасалған еді. Ал «Әл-Амальды» осы елдің өз мамандары дайындаған. Ол Марсқа былтыр шілде айында Жапониядан ұшырылған еді. Жергілікті билік жоба ел жастарының білім мен ғылымға талпынсын арттырады деген үмітте.