Нигерияда содырлар екі ауылға шабуыл жасап, 19 адамды мерт қылды

Нигерияның солтүстігінде террористік шабуыл салдарынан екі ауылда 19 бейбіт тұрғын қаза тапты.

Бұл туралы Синьхуа хабарлады.

«Белгісіз қарулы адамдар Нигерияның солтүстігіндегі Кадуна штатындағы екі ауылға шабуыл жасады, нәтижесінде кем дегенде 19 адам қаза тапты және көптеген адамдар жарақат алды», - делінген хабарламада.

Жарақат алғандар ауруханаға жатқызылды.

Сондай-ақ қылмыскерлер көптеген үйді өртеп, жергілікті тұрғындардың мүлкін ұрлаған.