Қытайда жаңа жыл қарсаңындағы қарбалас басталды

Қытай халқы ай күнтізбесі бойынша Жаңа жылды қарсы алуға дайындалып жатыр. Осы ретте Бейжің теміржол вокзалында мерекені жақындарымен атап өтуге асыққан кісі көбейді.

Былтыр соның салдарынан вирус елдің өзге өңірлеріне тарап кеткен еді. Сондықтан билік биыл ондай жағдайдың қайталанбауы үшін тиісті шаралар қабылдады. Мәселен, тұрғындардың қолында коронавирусқа тапсырған тест нәтижесі болмаса, пойызға мінбейді және өзге провинция аумағына өте алмайды. Ал шенеуніктерге тіптен саяхттауға тыйым салынған. Айта кеткен жөн, Қытайда Шығыс күнтізбесі бойынша жаңа жыл 12 ақпанда басталады.  

Бейжің тұрғыны:

- Мен Хэбэй провинциясында туып өскенмін. Қазір сонда бара жатқаныма қуаныштымын. Өйткені былтыр ондай мүмкіндік болмады. Биыл шектеулер айтарлықтай жеңілдетілген. Ең бастысы, коронавирусқа тапсырған тест теріс нәтижесін растайтын анықтама болу керек.

Сондай-ақ...