Бразилия жұрты мектептердің ашылуына қарсы ереуілге шықты

Бразилияның Сан-Паулу қаласында мектептердің ашылуына қарсы болған мұғалімдер мен ата-аналар ереуілге шықты. Жиналған жұрт елде жаппай вакциналау науқаны басталысымен бірден мектептердің ашылуы дұрыс шешім емес дейді.

Жоспар бойынша партаға 1,5 млн оқушы оралуы тиіс. Ата-аналар «бұл мұғалімдер үшін де, балалар үшін де қауіпті» деп отыр.

Ұстаздар кәсіподағы қашықтан оқу форматы мұғалімдердің барлығы вакцина қыбалдағаннан кейін басталу керектігін алға тартады. Жергілікті билік болса, оқу орындарындағы барлық санитарлық талаптар сақталғанын айтып, қауіпсіздік мәселесіне алаңдауға негіз жоқ дейді.

Айта кетейік, Бразилияның денсаулық сақтау министрлігі аймақта  Sinovac  пен AstraZeneca екпесін қолданысқа енгізген болатын. Әзірге ел тұрғындарының 3,5 млн халқына ғана вакцина егілді.