Испанияның жансақтау бөлімшелерінде орын тапшы

Испанияда қаңтардың соңынан бері коронавирус жұқтыру деректерінің саны азайып келеді. Мамандар бұл вакциналаудың нәтижесі болуы мүмкін дейді.

Негізі билік жаздың соңына дейін екпе халықтың 70 процентіне салынады деп жоспарлап отыр. Ал әзірге 2 миллионнан аса адам вакцина алған. Бірақ осындай оң динамикаға қарамастан жансақтау бөліміндегі науқастар саны әлі де көп. Осы ретте медицина қызметкерлерінің жұмысы қауырт. Жүргізілген сауалнама нәтижелері көрсеткендей, індетпен күресіп жатқан ақ халаттылардың 45 проценті психологиялық қиындықтарға тап болғанын айтқан.

Рикардо Бельмонто, жүрек хирургиясы бөлімінің маманы:

- Жансақтау бөлімінде жатқан науқастар санын көргенде бойымды үрей биледі. Сосын жалғыз өзім тамақ ішетін болдым. Өйткені әйелім мен қыздарыма ауру жұқтырып аламын деп қорықтым. Анам мен әкем індетке шалдықты. Өкінішке орай, әкем вирустан көз жұмды. Неге медицина қызметкері бола тұра оған көмектесе алмадым деп, өзімді іштей жеп біттім.

Сондай-ақ...