Германияда мигранттар тұратын ғимарат өртенді

Германия астанасында мигранттарға арналған үйде өрт шығып, ғмараттан 128 адам эвауацияланды. Ақпарат құралдарының хабарлауынша, жарақат алғандар бар. Бірнеше адам иіс тиіп, ауруханаға жеткізілген. Лаулаған жалынды сөндірумен 70-тен астам өрт сөндіруші айналысты. Өрттің неден шыққаны әлі белгісіз. Қазір оның себептері анықталып жатыр.

АЛ АҚШ-тың Питтсбург қаласында көпқабатты үй өртеніп, ғимараттың бір бөлігі опырылып құлады. Әзірге апаттан қаза тапқандар мен жарақат алғандар туралы ақпарат жоқ. Өрттің неден шыққаны да белгісіз. Мәліметке қарағанда көп қабатты кешеннің бірінші қабатында шаштараз және тағы басқа мекемелер болса, қалған бөлігінде тұрғын үй болған.