Танзанияда белгісіз аурудан 15 адам қайтыс болды

Танзанияда белгісіз инфекция жұқтырған 15 адам қайтыс болып, 50-ден астам адам ауруханаға жатқызылды, деп хабарлады Anadolu.

Науқастарда жүрек айнуы мен қан құсу болған.

«Бұл ауру әлі кең тарала қойған жоқ, індет тек бір әкімшілік ауданда пайда болды», - деді Мбея облысының Чунья округінің бас дәрігері Фелиста Кисанду.

Танзанияның денсаулық сақтау министрі аймаққа сарапшылар тобын жіберді.