Ресей студенттері енді білімін жоғарғы оқу орындарында жалғастырмақ. Көрші елде карантиндік шектеулер жеңілдей бастады.
Биліктің бұл шешіміне жастар дән риза. Десе де билік халықты санитарлық талаптарға немқұрайлы қарамауға шақырады.
Ресми статистика бойынша Мәскеу қаласының өзінде студенттердің саны 1 млн асады. Ал өткен тәулікте Ресей бойынша коронавирус індетін жұқтырғандардың саны 16 мыңға жуықтаған. Бұл қазан айынан бері тіркелген ең аз көрсеткіш дейді мамандар.