Қытайда фармацевтикалық зауытта жарылыс болды

Қытайдың Ляонин провинциясындағы Бэньси қаласындағы фармацевтикалық зауытта жарылыс болды.

Оқиға салдарынан екі адам қаза тапты, кем дегенде үш адам жарақат алды, деп хабарлады Синьхуа.

Жарылыс жергілікті уақыт бойынша 10:50 шамасында өндірістік цехта болған. Екі адам ауыр жарақат алып, ауруханада қайтыс болды.

Оқиғаның себептерін тәртіп сақшылары зерттеп жатыр.