419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Нью-Делиде шеруге шыққан шаруалар жолды жауып тастамақ

  • 115
  • UPD: 12:00, 09.02.2021
Нью-Делиде шеруге шыққан шаруалар жолды жауып тастамақ

Үндістанда 3 айдан бері жалғасып келе жатқан шаруалар наразылығы күн өткен сайын шиеленісіп келеді. «Жақында Нью-Делиге жоламаймыз» дескен фермерлер енді ел астанасын қоршауға алып, тіпті көлік біткеннің жолын бөгеуді жоспарлап отыр. Үкімет саясатына риза болмағандар бүкіл жолды жауып тастай ма, әлде шешімін өзгерте ме? Ол алдағы күндер еншісі.

Бұған дейін Нью-Делиде наразылық танытпау туралы айтып келген фермерлер аяқ астынан пікірін өзгертті. Қаланы оқшау ұстағысы келді ме, көлік байланысын шектеуді көздер, жүк артқанды шаһарға кіргізбеуге бекініпті. Тек жедел жәрдем мен өрт сөндіруші көліктеріне ғана жеңілдік қарастырылған. Қала билігі олардың жоспарын біліп қойған ба, демалыс күндері полиция жасақтарын көбейтті.

Абхинала Амритранж, фермер:

- Біз 3 айдан бері биліктің аграрлық саясатына қарсылық танытып келеміз. Бірақ үкімет бізді байқамайтын секілді, елемеген сыңай танытады. Бұлай жалғаса беруі мүмкін емес қой. Егер қалаға кіретін жолдарды жауып тастасақ, бізді үкімет те естір еді. 

Бұған дейін шеруді ұйымдастырушылар Уттар-Прадеш және Уттаракханд штаты мен Нью-Делидің шеткі аудандарынан бөлек елдегі барлық ірі тас жолдарды жабатынын мәлімдеген. Тек ел астанасына кіретін жолдар полциямен қақтығыс бола ма деген қауіптен бөгелмеген еді. Бірақ демалыс күндері шерушілер шаһарға апартын жолдарды жабуды бастады. Бұл шаһарда азық-түлік пен су тапшылығына әкеліп, биліктің келіссөз жүргізуге  итермелейді деп отыр. 

Сачине Раманатхан, Нью-Дели сауда палатсының қаржылай кеңесшісі:

- Ауыл шаруашылығы 1 жарым миллиард халқы бар Үндістан үшін өте маңызды сала. Наразылықтың жаппай белең алуының да себебі осы. Билік шаруаларды тыныштандыру үшін кәсіподақ өкілдерімен келіссөз бастады. Бірақ әзірге ешқандай нәтиже жоқ.

Ал фермерлердің шеруге шығуына ауыл шаруашылығындағы реформа себеп. Осы уақытқа дейін шауралардың кей өнімдеріне тұрақты баға сақталып келген еді. Жаңа заңға сай шаруалар өнімдеріне бағаны өздері қойып, сатып алушыларды да өздері таңдайтын болып белгіленген. Бірақ фермерлер бұл баға саясатын өзгертіп, өнім құнын арзандатады және алыпсатарлар көбейеді деп, оны қайта қарауды талап етіп жатыр. 

Михаил Зейфман, Дмитрий Лукша, Анастасия Левитан

Хабар 24 телеарнасы