Мароккода су тасқынынан қаза тапқандар саны артты

Мароккода толассыз жауған жаңбырдан фабриканы су басып, 28 адам қаза тапты. Тағы 10 кісі құтқарылды.

Оқиға елдің солтүстігіндегі Танжер қаласында болды. Заңсыз кәсіпорын қала шетіндегі бір үйдің астында орналасқан. Жауыннан мекеме лезде суға толып, жұмысшылар қамалып қалған.

Қайғылы оқиға кезінде фабрикада қанша адам болғаны белгісіз. Қазір оның себептері тексеріліп жатыр.

Ал жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, Мароккода ірі кәсіпорындар індет кезіндегі тапсырыстарды көптеп орындау үшін осындай заңсыз фабрикалардың қызметіне мәжбүр болған.