Вакцинаны бөлудегі әділетсіздік пандемия мерзімінің созылуына әкелуі мүмкін

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының конференциясына қатысушылар осылай деп жатыр.

Сарапшылардың айтуынша, бір жыл бұрын екпені әділетті бөлу үшін «КОВАКС» халықаралық жүйесі құрылғанымен қазір халқын вакциналап жатқан елдердің 94 проценті экономикасы дамыған елдер. Себебі Еуроодақ пен АҚШ екпені шығарушылармен тікелей келісім-шарт жасап, «КОВАКС» вакцинаға мұқтаж дамушы елдерге әлі бір де бір доза жеткізбеген. Ал жиналған қаржы мен тапсырыстар бұл елдерде вакциналауды бастау үшін жеткіліксіз.

Мысалы, Африкада тек Марокконың ғана халықты вакциналау бағдарламасы бар. Ал халықаралық ұйымдар індетті тек бірлесіп әрекет етіп тоқтатуға болатынын айтады. Ол үшін халықты жаппай вакциналау барлық елде бірдей жүру керек дейді. Мұндай бұлай болмаса індет созылып, дағдарыс тереңдейді деп отыр. 

Анхель Гурриа, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының бас хатшысы:

- Егер вакцина барлық елге тең дәрежеде қолжетімді болмаса әлемдік экономикаға кемі 5,2 триллион шығын келуі мүмкін. Олардың жартысы дамыған елдердің еншісінде болмақ. Десе де, дамушы елдердің вакцинаға қолжетімдігін қамтамасыз ету арқылы бұл дағдарыстың алдын алуға болады.

Сондай-ақ...