57 мемлекеттен Сириядағы өз азаматтарын қайтару талап етілді

БҰҰ-ның адам құқығы бойынша сарапшылары 57 мемлекеттің билігіне Сириядағы өз азаматтарын еліне қайтару керек деп талап қойды.

Бұл тізімде Ұлыбритания, Қытай, Франция, Ресей мен АҚШ та бар.

Айтуынша, Сирияның солтүстік-шығысындағы лагерьлерде мекендеген босқындардың өмір сүруіне еш жағдай жоқ. Сонымен қатар мамандар лаңкестік топтармен байланысы бар азаматтар заң жүзінде жауапқа тартылуы керек дейді.

Айта кетейік, бүгінде 64 мыңнан астам адам Сириядағы күрдтердің бақылауындағы лагерьлерде тұрады. Ұйым өкілдерінің айтуынша, алдымен 10 мың адамды еліне депортациялау керек.

Фионнуала Ни Аолайн,  БҰҰ арнайы баяндамашысы:

- Тізімдегі елдер арасында азаматтарын кері қайтару үшін бар күшін салып жатқандар бар. Десе де, отандастарын елге жеткізу үшін түк бітірмеген мемлекеттер де баршылық. Меніңше, бұл ұятты жағдай. Әл-Хол мен Рож лагерьлерінде адамдардың өмір сүруі үшін ешқандай жағдай жасалынбаған. Халық ауыз сусыз, аш құрсақ жүр. Қазір онда 64 мың адам тұрады.

Сондай-ақ...