Facebook коронавирус туралы жалған ақпаратпен күреседі

«Фейсбук» әлеуметтік желісі коронавирусқа қатысты кез-келген жалған ақпаратты өшіріп тастайтын болды.

Компания өз сайтында осындай мәлімдеме жасады. Әсіресе вакциналау мен вирус қолдан жасалғаны туралы ақпарларға көңіл бөлінбек. Жалған ақпарат тарататын топтар мен парақшаларды да бұғаталады. Әлеуметтік желі Денсаулық сақтау органдарының дерек қорларына сілтеме беріп, қай жерде екпе алуға болатынын да көрсетпек. Қызмет алдымен АҚШ-та, содан кейін өзге елдерде қолға алынады.

Кан-Син Цзинь, Facebook денсаулық бойынша департаментінің басшысы:

- Коронавирусқа қарсы күрестің нәтижелі болуы үшін басты талаптардың бірі вакцинаға сенім. Сондықтан халықтың көкейкесті сұрақтарына жауап беретін, тексерілген ақпарат қолжетімді болуы тиіс.