Каирде спектакльді үйдің балконында тұрып көруге болады

Каирде енді театрдағы спектакльді үйдің балконында тұрып көруге болады. Египет астанасында Мәдениет министрлігінің бастамасымен жылжымалы театрлар ашылды.

Олар шаһардың кедей аудандарындағы халықты ағарту үшін қолға алынған. Бұл үшін қойылымға қажетті сахна мен құрал-жабдық жүк көлігімен тасымалданады. Қалада алғашқы театр қаңтардың соңында ашылған. Енді оларды елдің өзге де провинцияларында ұйымдастыру көзделіп отыр.

Осама Рамадан, артист:

- Тамаша бастама. Мәдени шараға алғаш қатысып тұрсам да маған қатты ұнады. Себебі, бұл адамдардың мінез-құлқын түсініп, бір-бірін жақсы тануға көмектеседі.

Сондай-ақ...