Tesla 1,5 млрд долларға биткоин сатып алды

Tesla 1,5 миллиард долларға биткоин сатып алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді компания электр көліктерін криптовалютамен сата бастайды. Илон Масктың шешімінен кейін биткоин бағамы 10%-ке өсіп, рекорд орнатты. Бір биткоин 47 мың долларға бағаланған. Мамандар цифрлық ақшаның құны әлі артуы мүмкін деп болжайды. Өткен сенбіде Tesla акцияларының құны артып, Илон Масктың байлығы 1 миллиард 500 миллион долларға өсті.

Дэниэл Айвс, Wedbush Securities атқарушы директоры:

- Tesla-ның бұл қадамы ойын ережесін өзгертеді. Ол бұған дейін кейбір корпорациялар таңдаған стратегиялардың дұрыстығын растай түседі. Илон Масктың криптовалюта әлеміне басымен кіруінің ықпал-әсері ұзақ сақталады. Енді жаңа компаниялар есеп айырысу үшін биткоин мен басқа криптовалюталарға жүгінетін болады.