419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ДДСҰ: Әлемде коронавирустың таралуы төмендеп келеді

  • 122
  • UPD: 09:57, 10.02.2021
ДДСҰ: Әлемде коронавирустың таралуы төмендеп келеді

Осы аптада әлемде коронавирусты жұқтырғандар саны 17 процентке азайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының хабарлауынша, індеттің таралуы осымен төртінші апта төмендеп келеді. Дерттің ең көп саябырлауы ақпанның 1-і мен 6-сы арасында Африка мен Еуропа елдерінде байқалған. Бұл аймақтарда өлім-жітім де азая түскен. Африкада ол 30 процентке төмендесе, Еуропада 13 пайызға түскен. Мамандар мұндай үрдіс Оңтүстік-Шығыс Азияда байқалатынын айтады.

Еске сала кетейік, бұған дейін осы халықаралық ұйымның басшысы Тедрос Гебрейесус коронавирустың жаңа штамдарының пайда болуына қарамастан індетті бақылауға алуға болады деп мәлімдеген. Және бұл істе халықты вакциналаудың маңыздылығын атап өткен еді.

Хабар 24 телеарнасы