Әлемде әр бесінші адам қазбалы отынмен ластанған ауадан көз жұмады

Әлемде әр бесінші адам қазбалы отынмен ластанған ауадан көз жұмады

Британия университеттері жүргізген зерттеу қорытындысы осындай, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған сәйкес, климаттың өзгеруінен ерте қайтыс болғандардың тең жартысы Қытай мен Үндістанда тіркелетін көрінеді. Ал АҚШ-та мұнай мен көмірден әр оныншы тұрғын бақилық болады екен. Ғалымдар анықтағандай, қазбалы отынды жағу кесірінен азаматтар арасында жүрек және респираторлық ауруларға шалдығу деректері көбейіп кеткен. Тіпті көру қабілетінен айырылған жағдайлар да артқан.

Элоиз Мараис, ғалым:

– Біздің есебіміз бойынша, жыл сайын қазбалы отынды жағудан 8,7 миллион адам өмірден ерте озады.