АҚШ-та емханадағы атыстан 5 адам жарақат алды

АҚШ-тың Буффало қаласындағы емхананың бірінде атыс болып, 5 адам жараланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың үшеуі ауыр халде жақын маңдағы ауруханаға жеткізілген. Оқиғаның толық мән-жайы белгісіз. Полиция емханада бірнеше адам оқ атқанын айтады. Бір күдікті тұтқындалған. Алғашқы атыстан кейін қаладағы тағы бір емханада бомба жарылған. Бірақ жапа шеккендер туралы ақпарат жоқ. Оқиғаларға қатысты тергеу жүріп жатыр.