Куршавельде тікұшақ апатқа ұшырады: қаза тапқандар бар

Куршавельде тікұшақ апатынан екі адам қаза тауып, тағы үшеуі жарақат алған.

Бұл туралы Савойя департамент префектурасының баспасөз қызметі Twitter-де мәлімдеді.

Бортында бес адам болған тікұшақ сейсенбі күні, 9 ақпанда, түстен кейін құлаған. Ол Розьер көлі мен Вийар мүйісінің ортасына құлаған, деп жазады eadaily.com. Апат туралы сағат 17:20-да куәгер хабарлаған, оқиға орнына полиция мен құтқарушылар сағат 18:00-де келіп жеткен.

Алдын ала мәлімет бойынша, екі адам көз жұмып, бір адам ауыр халде жатыр, тағы екеуінің жағдайы орташа ауыр деңгейде.