419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Австрияда оңтүстікафрикалық штамм тіркелді

  • 103
  • UPD: 14:34, 10.02.2021
Австрияда оңтүстікафрикалық штамм тіркелді

Австрияның Тироль аймағында коронавирустың оңтүстікафрикалық штамын ірі жұқтыру ошағы тіркелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мутацияға ұшыраған вирус 300-ге жуық адамда анықталды. Осыған байланысты жергілікті билік азаматтардан бұл өңірге уақытша сапар шекпеуге шақырды. Ал Тироль тұрғындары өзге аймаққа аттанса вирусты жұқтырмағаны жайлы қағаз болуы керек. Сонымен қатар індетке байланысьты халықты жаппай тестілеу жүргізу қолға алынбақ. Тирольдағы оқиға Еуропадағы вирустың жаңа штамының ең ірі таралу оқиғасы болып отыр.

Себастьян Курц, Австрия канцлері:

– Вакцина британдық штамнан толықтай қорғайтынын көрсетті. Бірақ коронавирустың оңтүстікафрикалық өзгерген түріне қатысты мәселелер туындап отыр. Мысалы, зерттеулерге қарағанда, «AstraZeneca» вакцинасының оған қарсы қорғанышы төмен екендігі анықталды.

Хабар 24 телеарнасы