417,02 504.70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Грекияның екі қаласында локдаун енгізіледі

  • 108
  • UPD: 14:33, 10.02.2021
Грекияның екі қаласында локдаун енгізіледі

Грекияның Афина мен Аттика қалаларында локдаун енгізілмек, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы осы елдің премьер-министрі хабарлады. Соңғы кездері коронавирус инфекциясының таралуы қайта қарқын алғандықтан елдің денсаулық сақтау жүйесіне ауыр тиіп отыр. Енді аймақтағы сауда орындары мен өзге де мекемелер уақытша жабылатын болады. Тек азық-түлік дүкендері, дәріхана мен жанармай құю бекеттері жұмысын жалғастырмақ. Мектеп оқушылары онлайн оқу режиміне көшеді. Жаңа ережелер ертеңнен бастап күшіне еніп, ай соңына дейін жалғасатын болады.  

Кириакос Мицотакис, Грекия премьер-министрі:

– Біздің басты мақсатымыз – вирустың алдын алу болып табылады. Науқастардың саны артып отыр. Мутацияға ұшыраған инфекцияны да жұқтырғандар тіркеліп жатыр. Сондықтан осындай шешім қабылданды.

Хабар 24 телеарнасы