Коронавирустың адамға алғаш қалай жұққаны жайлы төрт болжам жасалды

Коронавирус індеті алғаш рет тіркелген Ухань қаласында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары мен қытайлық мамандар инфекцияның адам ағзасына түсуінің 4 болжамын келтірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ғалымдар ауру панголин деп аталатын аңнан таралуы мүмкін деп топшылайды. Сүтқоректі жануардың қабыршықты болып келетін терісі Қытайдың халық медицинасында жиі қолданылады. Алайда бұл нақты қорытынды шешім емес дейді мамандар. Зерттеу жұмыстары әлі де жалғасуда. Сонымен қатар вирустың жарғанаттан таралуы да екіталай делінген. Бұған Ухань қаласының жарғанаттар мекендейтін жерінен алыс орналасуы себеп. 

Лян Ваньнянь, Қытайдың вирусты зерттеу жөніндегі сараптама комиссиясының басшысы:

- Қаракүзен, мысық сияқты жануарлар да коронавирустың жаңа түрін жұқтыруы мүмкін. Сондықтан індет олардан да таралуы ықтимал. Бірақ әзірге бұған нақты дәлел жоқ.

Мамандар Уханьдағы теңіз өнімдері сатылатын базардың індет ошағы болмағанына бек сенімді. Бұған бұл сауда орындағы зерттеулердің нәтижесі дәлел. Сонымен қатар вирустың зертханадан шығуы мүмкін деген нұсқасына да еш негіз жоқ дейді.

Сондай-ақ...