Ұлыбританияның денсаулық сақтау министрлігі коронавирустың мутацияға ұшыраған жаңа екі штаммын анықтады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Оның бірі елдің оңтүстік батысындағы Бристоль графтығында тіркелсе, екіншісі Ливерпуль қаласында анықталды. Осылайша екі шаһардағы вирустың жаңа түрін жұқтырған науқастардың саны 70-тен асып отыр. Мамандар жаңа штамдарды зерттеуге кірісіп кетті.