Кореяда ит пен мысық ковидке тексеріліп жатыр

Сеулде мысықтар мен иттерден коронавирусқа тест алына бастады. Бірнеше апта бұрын үй мысығынан алғаш рет «Ковид-19» анықталған болатын.

Дәрігерлер індет оған иелерінен жұқты деп есептейді. Әйел мен оның қызынан да коронавирус анықталған. Олар алдында Чинжу қаласындағы шіркеуге барыпты. Жануарлардан тест жылжымалы зертханада алынады. Дәрігерлер безгек, ауыр тыныс алу, ыстық немесе жөтел пайда болған жануарларға келеді. Алғашқы сынақ Сеулдегі иттен алынды. Оның мұрнынан су ағып, безгек байқалған әрі қожайыны ауруханаға түскен. Коронавируске шалдыққан иттер де 2 апталық карантинге жабылады. Себебі індет жануардан адамға да жұғуы мүмкін. Мал дәрігерлері тұрғындарға мысықтар мен иттерді көшеде басқа адамдар мен жануарлардан 2 метр қашық ұстау қажеттігін ескертті.

Сон Мин Джун, Сеул әкімшілігі жануарлармен жұмыс бөлімінің қызметкері:

- Оңтүстік Кореяда жануардың коронавирусты жұқтыру жағдайы бірінші рет тіркелді. Бұл Сеул тұрғындарының алаңдаушылығын тудырды. Жануарлардың қауіпсіздігіне көз жеткізу үшін олардан тест ала бастадық. Егер үйдегі мысығыңыздан немесе итіңізден белгілер табылса, әкімшілікке хабарласыңыздар, тобымыз жедел келіп, тест алады.