Жапонияда вакциналау келесі аптада басталады

Жапонияда вакциналау келесі аптада басталады

Жапонияда вакциналау алдағы аптада басталады. Бірінші кезекте 4 миллион медицина және әлеуметтік сала қызметкері екпе алады.

Екінші кезеңде жасы 65-тен асқан 36 миллионға жуық қария егілуі тиіс. Сосын созылмалы ауруы бар 8 миллион 200 мың адамға вакцина салынады. Мамыр айында халықтың қалған бөлігі вакциналауға қатысады. Күншығыс елі «АстраЗенека», «Пфайзер» және «Модерна» компанияларының препараттарына былтыр тапсырыс берген.

Ёсихидэ Суга, Жапония премьер-министрі:

- Вакцинаның тиімділігі мен қауіпсіздігі толық расталған соң келесі аптаның ортасында вакциналауға кірісеміз. Дәрігерлер, медбикелер мен әкімшіліктен жауапты кезеңде ынтымақтаса жұмыс істеуді талап етеміз. Біз кез келген жағдайға дайын болуымыз керек.