Дубайда роботтандырылған дәмхана ашылды

Келушілердің көңілін көтеріп тұрған роботтар тапсырыс қабылдап, сусын мен тамақты үстелге қойып береді. Бұл жоба Дубай әкімшілігінің қолдауымен жасалған. Негізі робот дәмхана былтыр ашылуы керек еді. Бірақ аяқ астынан коронавирус індеті тарап, тұсаукесер кейінге шегерілген. Жақында Дубайдағы тамақтану орындарына рұқсат берілді.

Жамал Әли Хасан, тұтынушы:

- Бұл керемет идея, әсіресе дәл қазіргі кезеңде өте қажет. Адамдар әлеуметтік қашықтық сақтауға міндетті шақта бұл жобаның болашағы зор болады деп сенемін. Әрі роботтар өте жылдам жұмыс істейді. Тапсырысыңызды бірнеше минутта алдыңызға әкеледі.