Францияға тиесілі аралда 7,7 балдық жер сілкінісі болды

Тынық мұхиттағы Жаңа Каледония архипелагының аумағында күші 7,7 балдық жер сілкінісі тіркелді.

Табиғи апат ошағы архипелагтағы Лоялти аралдарынан 358 шақырым жерден өтіп, кіндігі 10 шақырым тереңдікте болды.

Жер сілкінісінен қаза тапқандар мен жараланғандар туралы ақпарат түскен жоқ.

earthquaketrack.com

Аударған: Г.Абилова

Сондай-ақ...