419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Тяньвэнь-1 жерсерігі Марс орбитасына кірді

  • 86
  • UPD: 10:44, 11.02.2021
Тяньвэнь-1 жерсерігі Марс орбитасына кірді фото: dw.com

Қытайдың Тяньвэнь-1 жерсерігі Марс орбитасына кірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл – аспан асты елі зерттеу аппаратының қызыл ғаламшарға алғаш енуі. Енді зонд мамыр айына дейін Марстың бет-бедерін суретке түсіріп, қонуға қолайлы жерді іздейді. Содан кейін салмағы 240 келі болатын аппарат қызыл ғаламшардағы зерттеулерін бастауы тиіс. Миссияның мақсаты – Марста тіршілік көзін іздеп, адамдардың ғаламшарға қоныстану мәселесін зерттеу. Жобаны іске асырып жатқан мамандар бұл істе ең қиыны осы орбитаға ену болғанын айтады.

Ван Чуан, Tianwen-1 жерсерігінің бас конструкторы:

- Марс орбитасына ену ең күрделі операция. Себебі, ол кезде зондпен байланыс баяулап, аппарат өз бетімен жұмыс істейді. Орбитаға қалай кіру керектігі жерсерігінің алдын ала жазылып көрсетілген. Яғни зерттеу аппараты алдынан шығатын көптеген қиындықтарды жерден басқарусыз өзі шешеді.

Айта кетейік, Қытай жерсерігі осы аптада Марс орбитасына сәтті кірген екінші елдің ғарыш аппараты. Өткен бейсенбі күні қызыл ғаламшар орбитасына Біріккен Араб Әмірліктерінің «әл-Амал», яғни «Үміт» деп аталатын зерттеу аппараты сәтті кірді. Ал ақпанның 18-і күні бұл планетаға АҚШ-тың «Персеверанс» зонды жетуі тиіс.

Хабар 24 телеарнасы