Әлемнің 130-ға жуық елінде COVID вакциналары жоқ – ДДСҰ

Қазіргі уақытта әлемнің 130-ға жуық елінде тұратын 2,5 миллиард адам коронавирусқа қарсы вакциналарға қолжеткізе алмай отыр.

Бұл туралы ДДСҰ басшысы Тедрос Гебрейесус пен ЮНИСЕФ-тің атқарушы директоры Генриетта Фордың бірлескен мәлімдемесінде айтылған.

«Осы уақытқа дейін енгізілген 128 миллион доза вакцинаның төрттен үш бөлігінен астамы әлемдік жалпы ішкі өнімнің 60%-ін құрайтын 10 елде ғана жасалған», - делінген құжатта.

Осыған байланысты ДДСҰ мен ЮНИСЕФ қауіп тобына жататын тұрғындарға вакцина егіп үлгерген үкіметтерді COVAX механизмі арқылы препаратпен бөлісуге шақырды.

Сондай-ақ...