COVID-19: Калифорния штатында оңтүстікафрикалық штамм тіркелді

АҚШ-тың Калифорния штатында Оңтүстік Африкада шыққан коронавирустың жаңа штамы алғаш рет тіркелді.

Бұл туралы штат губернаторы Гэвин Ньюсом хабарлайды. Аймақ басшысының айтуынша, екі науқастың бірі Аламида, екіншісі Санта-Клара округтерінде тіркелген. Жалпы штат бойынша коронавирустың мутацияға ұшыраған түрлеріне 1500 адам шалдыққан екен. Енді мамандар бұрын ковидпен ауырып шыққандар қайта жаңа инфекция жұқтыруы мүмкін деп алаңдайды.

Айта кетейік, АҚШ бойынша оңтүстікафрикалық штамм алғаш рет өткен айда Оңтүстік Каролинада тіркелген еді.

Гэвин Ньюсом, Калифорния штатының губернаторы:

- Ұлыбритания мен Оңтүстік Африкадан тараған коронавирустың жаңа түрлеріне мыңнан астам адам шалдықты. Аймақта тек Бразилиялық штамм ғана анықталған жоқ. Қазір штат бойынша күніне шамамен 8 мыңнан астам адамға COVID-19 диагнозы қойылады.